top of page

Психотерапия: өзіңе бастар жол - Нұрлан Тұрғалиұлы

11 минут назад
3 мин. чтения
Нұрлан Тұрғалиұлы

10 жылдан астам тәжірибесі бар психотерапевт Нұрлан Сүлейменнің пайымынша, психологиялық жағдайға көңіл бөлу - физикалық денсаулыққа қамқорлық жасау сияқты өмірдің маңызды бөлігі.



Нұрлан Тұрғалиұлы, психотерапия саласына келуіңізге не себеп болды? Бұл бағытта қанша жылдан бері тәжірибе жасап келесіз?


– Психотерапияға келуім - саналы таңдау болды. Өзімнің жастай қызығушылығым гипноз және гипнозды емдік шарада қолдануды зерттеп білу еді. Мені іштей толқындырған осы ізденісім біржақты, сонау 1990 жылы медицинаға алғаш келгеннен бастап өмірімнің әр кезеңінде жеке тәжірибеге айналды. Өмір ағымымен жылдар өтті, білімім арнайы-орта медициналықтан жоғары медициналық білімге ұштасты.

2001 жылдан 2014 жылдар аралығында медицина саласындағы іс-тәжірибемнің негізі еліміздің әскери күштік құрамының медициналық қызметі қатарында өтті.

2014 жылдан фармацевтика саласындамын, 2016 жылдан бастап фармацевтика саласының сарапшысымын (эксперт). Қазақстан бойынша фармацевтикалық сервистік қызмет көрсету және кеңес беру компаниялар тобының құрылтайшысымын.

Осы қызметіммен қатар түпкілікті адам санасы және түпсанадағы (түйсік) ерекше құбылыстар: жай адам сезіп-білмейтін әрекеттерді бақылап, адамды сырттай бағдарлау әрекеттері, психологиялық манипуляция тәсілдерін, гипнотехникаларды қолдану зерттеуді бастадым. Гипнотерапия арқылы адам жанының тереңдігі, оның ішкі күйзелістерімен соған қарамастан өмірге қайта оралуға деген қабілетін арттыру мүмкіндіктері қызықтырды.

Осы ізденістерім барысында мені 2015 жылы Мәскеу гипноз институтына алып келді. Аты аңызға айналған медицина ғылымдарының докторы, РФ еңбек сіңірген дәрігері, невролог, психиатр-нарколог, психотерапевт Афанасев Борис Георгиевичтің жеке шәкірті болып, «Психологиялық, психофизиологиялық, психосоматикалық мәселелерден туындайтын психологиялық жай-күйлердің зардабын» оқып, «Гипноз және гипнотерапияның негізі, қолдану тәсілдерін» үйреніп, білім алдым.

Бұл салада ресми түрде 10 жылдан астам тәжірибем бар.

Гипнотерапияны терең қолдану арқылы адамдарға жаңа мүмкіндіктер немесе өмірінде болған психоэмоционалдық қиындықтар-жарақаттарды, жай-күйлерді емдеу немесе тарқату кезеңдерінде, когнитивті мінез-құлық терапиясын қолдану мұқтаждығына байланысты психотерапия саласын толық меңгеру маңыздылығы туындады. Осы себеппен Мәскеу инновация және даму медициналық университетінде «Психотерапия» мамандығы бойынша біліктілігін тамамдадым.

Классикалық гипнотерапиядан бастап, психотерапия-гипнотерапияның заманауи-оперативтік әдістерін қолдануда жақын және алыс шетелдердегі әріптестеріммен әдістемелік сағаттары, тәжірибе алмасу бағдарламаларын, біліктілікті арттыру курстарын үздіксіз жүргізіп тұрамын.



– Адамға шынымен психотерапевт көмегі қажет екенін қалай түсінуге болады?


– Қазіргі таңда адамның әртүрлі психоэмоциялық күйзелістерге түсудің негізгі факторлары: жалпы қолданыстағы заманауи мессенджерлер, ағымдағы ақпараттар легінің және техногенді шулардың көбейуі, күнделікті жұмыс кестесі, ықтималды тұрмыстық қиыншылықтар, әлеуметтік түсініспеушіліктер...

Осы көрсетілген факторлардың адамға әсер етуінен жіті немесе созылмалы түрде эмоционалды жабырқау, үрей, ашушаңдық, ұйқысыздық, тәбеттің бұзылуы, шаршау, орынсыз тітіркену сияқты белгілер пайда болады. Кейбір жағдайда бұл белгілер қандай да бір аурудың симптомы ретінде сезілуі мүмкін. Өзіндік оңалу шараларын жасасаңыз да, өз күшіңіз жетпейді. Бұрын көмектескен әдістер - демалыс, табиғат аясында серуендеу, көңілді кештер, спорт, кітап оқу, өзіндік медитация - енді көмектеспейді. Біртіндеп қалыпты өмір сапасы түседі, жұмыста, отбасында, қарым-қатынаста қиындықтар көбейеді. Аурушаңдық пайда болады, дәрігерлер себебін таппауы мүмкін. Сондықтан осы қиыншылықтарды басынан өткерген адам психотерапия көмегіне жүгінуге мұқтаж болады. Психотерапевтке бару әлсіздік емес, керісінше, өз-өзіңе деген қамқорлықтың ең жоғары деңгейі.


Нұрлан Тұрғалиұлы

– Психотерапия/психология саласында қандай мәселелермен жұмыс істейсіз?


– Қазіргі уақытта Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 6 ықшамауданы, 56 үй, 77 «Психотерапия кабинетінде» мына қызмет түрлері бойынша қызмет атқарамын:

Эмоционалды және мінез-құлық қиындықтарын, мәселелерін шешу және психологиялық ауыртпашылықтарды жеңуге, жеке өсу резервтерін арттыру бойынша:

психологиялық кеңес;

психотерапиялық қабылдау;

гипнотерапия;

психосоматика;

сексология;

жеке коучинг.

Мемлекеттік құрылым, күштік құрылым блогында, ақпараттық қауіпсіздік саласында, банк құрылымдарында және бизнесте, жеке өсу резервтерін өзектендіруде адам ресурстарын ұйымдастыру және басқару үшін тұлғаны сәйкестендіру мақсатында атқаратын қызметтерім:

НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау);

физиогномика;

профайлинг;

бизнес коучингі;

HR психологиясы.



– Адамның мінез-құлқына қарап, оның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бола ма?


– Иә, болады. Бірақ бұл «болжау» емес, кәсіби бақылау. Адамның жүріс-тұрысы, қимылдары, қалай отыратыны, қалай сөйлейтіні, сөйлегенде қолымен қимылдар жасауы, көздерінің қозғалысы, қандай сөздерді жиі қолданатыны, мимикалық қимылдары - бәрі оның ішкі әлемі туралы ақпарат береді. Бірақ бір мінезге қарап диагноз қоюға болмайды. Толық бейнені тек терең сұхбаттасу кезінде, арнайы қабылдау барысында ғана көреміз.



– Өзін жақсырақ түсініп, өмірін өзгерткісі келетін адам неден бастауы керек?


– Өзіңізге күнделікті мән беріп, қарапайым үш қадамды күнделікті жасасаңыз:

күніне 10 минут ешқандай телефонсыз, өзіңізбен оңаша қалыңыз.

тоқтап, қозғалмай, іштей өзіңізге «Мен қазір не сезіп тұрмын?» деген сұрақ қойыңыз. Бағаламай, тек байқаңыз, денеңізді тыңдаңыз. Эмоция алдымен денеде пайда болады. Кеудеңіз қысылды ма, ішіңіз бүріле ме? Денеңіз сізге не айтқысы келіп тұр?

Көмек сұраудан қорықпаңыз. Өзіңді өзің емдеу өте қиын. Дұрыс кітап, дұрыс маман, дұрыс орта - сіздің өзгеру жолыңызды 10 есе жылдамдатады. Өзгеріс - бір күнде болмайды, бұл - күнделікті кішкентай қадамдар.

Өзіңізді күтіңіз, жақындарыңызды аялап қорғаңыздар!


+7-707-471-19-73


Материал опубликован в журнале For People № 10(118) октябрь 2026.

 
 

Издательство A-Press Kazakhstan свидетельство о государственной регистрации №KZ61TWQ02350228, от 10.10.2020 г. 

Журнал Teens and People свидетельство о постановке на учет ППИ и ИА №16030-Ж от 09.06.2016 г. Свидетельство о постановке на переучет СМИ №KZ39VPY00129889 от 22.09.2025 г. Зарегистрированный товарный знак Teens and People принадлежит IP A-Press, свидетельство № 84032.. Республика Казахстан, город Алматы, ул. Жамбыла, 94. Редакция в материалах не дает оценку чему-либо, а лишь выражает свое мнение. Ответственность за содержание рекламных материалов несет рекламодатель.  По вопросам: +7-727-312-35-97 director@tpeople.kz

©2016-2026 Teens and People

bottom of page