
Біз өзімізге жиі уақыт бөлу керекпіз, онсыз даму, алға жылжу мүмкін емес. Бір сәт тоқтаңыз, демалыңыз, эмоция мен сезіміңізді, өзіңізді тыңдаңыз, нәтижесін қорытындылаңыз. Оңаша қалып, өзіңізге көңіл бөліңіз, бұл – осы сәтті сезіну және болашақтың есіктерін ашу дегенді білдіреді. AURA - уақытты бір сәтке баяулатып, өзіңізге уақыт бөлетін орын.
Гульнур Жолдыбаева – сұлулық және сауықтыру орталығының негізін қалаушы.
Гульнур, сұлулық және денсаулық орталығыныз қашан ашылды? Неліктен осы бизнес бағытын таңдадыңыз?
– Біздің сұлулық орталығымыздың ашылғанына әлі бір жыл да болған жоқ, былтыр маусым айынан бастап, техникалық ашылуымен жұмыс істеп бастаған болатынбыз, 1 қазан күні арнайы ашылу болды. Сыр елінің қыз-келіншектерін әдемі болып жүргенін қаладым. Қаламызда ірі сұлулық орталығы жоқ, ойлана келе осы бизнес түрін бастау туралы деген шешімге келдік.
– Адамдардың сізге келудегі мақсаты қандай?
– Адамдар бізге демалуға келеді, әдемі болып, көңіл-күйі көтеріліп кетеді. Өзін-өзі бағалау деңгейі көтеріледі.

– Орталықта қандай қызмет түрлері көрсетіледі?
– Біздің орталықта сұлулық салоны, косметология, би студиясы, spa қызмет түрлері жұмыс жасайды.
– Би және йога туралы азырақ айтып беріңізші. Бұл бағыттар қай жас аралығына арналған?
– Би залында әртүрлі би үйірмелері бар, кішкентай баладан бастап үлкен апаларымызға дейін қатысады. Йога қазір жақса дамып келе жатыр, әртүрлі жастағы адамдар қатысып жатыр, соның ішінде зейнетке шыққан апаларымыз да бар.
– Орталық әйелдердің жақсы көретін орнына айналған, ал ер адамдар мен балаларды немен қуанта аласыздар? Оларға не ұсынасыз?
– Біздің орталықта ер адамдар үшін барбер маманы жұмыс жасайды, баларға би үйірмелері бар.

– Орталықта массаждың қандай түрлері бар, таңдау мүмкіндігі бар ма? Сізге қай массаж түрі көбірек ұнайды және неге?
– Бізде массаждың барлық түрі бар, маған бәрі ұнайды, соның ішінде классикалық массаж алып арасында демалып тұрамын, массаж шаршағанды басып, жаңадан туылғандай сезімде боласың.
– Сіздің орталықтың басқалардан ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
– Біздің орталықтың ерекшелігі оның АУРАСЫНДА, дизайны ерекше, келген адам барлық қызмет түрін ала алады.
– Жақын болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз, 5-10 жылдан кейін сұлулық және денсаулық орталығыңызды қалай елестейсіз?
– Болашаққа мақсатым өте көп, осы сұлулық және денсаулық орталығын Қазақстанның барлық қаласында ашқым келеді!