top of page

Мықты отбасының құпиясы: психолог Айзат Джумагулованың кеңестері

  • 6 дней назад
  • 4 мин. чтения

Айзат Джумагулова – психолог, коуч.



Айзат, сізді психология саласына не алып келді? Мен соңғы 6 жылда, яғни 2020 жылдан бері психологияны зерттеп, өз өмірімде қолданып, нәтижелерге жеткенмін.


– Мен 30 жасқа дейін тұрмысқа шықпадым. Өзімнің блоктарымды шешіп, терапия жасап, коучинг өткізгеннен кейін 1 айдың ішінде тұрмысқа шығып кеттім. Менің ол кезде жігітім болмаған, ешкіммен жүрмегенмін, бұрыннан танитын дос бала алып қашып кетті сессиядан кейін.

Тұрмысқа шыққан соң, 2 жыл бала көтере алмадым. Мен ойлағанмын: күйеуге шықсам болды, тез балалы боламын деп. Бірақ мен ойлағандай болмады. Дәрігерлер маған операциядан кейін айтты: «Сіздің екі трубаны аша алмадық, тек ЭКО». ЭКО-ны да 1 рет жасаттық, сәтсіз болды. Бірақ сол аралықта мен тағы коучинг өттім, психологияммен, өзімнің қорқыныштарыммен жұмыс жасап, «балалы бола алмасам ше, не болады?» деп бәрін қабылдап, екі трубам жабық болса да, табиғи жолмен Алла бұйырып, балалы болдық. Қазір Құдайға шүкір, ұлымыз бар.

Өзімнің басымнан осындай оқиғалар өткен соң, қаншама қыз-келіншектерге себепкер болып көмектескім келіп, осы саланы таңдадым.



– Сіздің ойыңызша, соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу санының күрт артуына не себеп болды?


– Мұның себептері өте көп. Жұптардың басым бөлігі қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде – «романтика» мен ғашықтық кезеңінде тұрып қалады.

Екінші кезең – бұл «ерлі-зайыпты» рөлдері. Осы жерде бір-біріне үйрену, қабылдау, бірге өмір сүру басталады. Дәл осы кезеңде ең көп келіспеушіліктер туындайды. Серіктестердің шынайы болмысы ашылып, әрқайсысының отбасын қандай мақсатпен құрғаны айқындала бастайды, бір-біріне ұнамайтын тұстар көрінеді. Соның нәтижесінде жұптар бір-бірін өзгертуге тырысады.

Дәл осы сәтте диалогты дұрыс құра білуді үйрену аса маңызды: бір-бірін өзгертуге тырыспай, тыңдай білу. Балалы болған кезде өздерін ересек адам ретінде саналы түрде жауапкершілік алуы өте маңызды.

Үшінші кезең – «серіктестік» кезеңі. Екінші кезеңнен өткен соң, жұп өзара сыйластыққа, қолдауға, бір-бірінің армандарын жүзеге асыруға келеді. Серіктестер құндылықтарын түсініп, ортақ мақсаттар қойып, бірге жоғары қарай дамиды.



– Ерлі-зайыптылар некеде ең жиі жіберетін басты қателік қандай?


– Ешкімнің өміріне қарамау, салыстырмау, қызықпау.

Олар: некеде екі адам ғана бар – күйеуі және әйелі.

Және де бір-бірін ұрыс-керіссіз, айғай-шусыз тыңдай білулері. Яғни диалог құрастыруы дұрыс болу керек.



– Көптеген адамдар серіктестік деген не екенін толық түсінбей, романтикамен шатастырып, отбасын құрады деген пікірмен келісесіз бе?


– Иә, басында айтқандай, ең бірінші кезең «романтикалық» болып келеді. Ал ең соңғы кезең – «серіктестік». Екі жұп кездесіп жүре бастағанда, махаббатқа мас болып, тек сол адаммен өмір сүрсем болды деген ұғым болады. Немесе қыз да, жігіт те «біз үйленсек, бақытты боламыз, армандарымызды орындаймыз» деп ойлайды. Бірақ олар үйленгеннен кейін өмір басқаша болатынын, бойдақ өмірдегідей емес екенін, тағы жауапкершіліктер көп болатынын, екі жақтың ата-анасы, туған-туыстары, бала пайда болатынын есепке алмайды.

Отбасына әр адам «бизнес» деп қараса, олар «серіктес» болып келеді. Яғни «біз үйлендік, осымен бәрі бітті» емес. Жаңа кезеңдерге өтіп, өсулері керек. Және де балаларына үлгілі ата-ана бола білу керек. Балаларына отбасылық құндылықтар қандай болатынын көрсете алу керек. Өйткені кейін бала өскенде біздің тағдырды, көзқарасты қайталауы мүмкін. Бала барлық жақсы, жаман нәрсенің бәрін ең бірінші отбасынан установка ретінде алады.



– Қазіргі Қазақстандағы отбасында ер мен әйелдің рөлі қалай өзгерді?


– Қазір қоғамда бізде әйел қауымы мықты болып кеткен. Олар ерлерсіз өздері-ақ жетістікке жетеді. Үй, машина ала алады, шет елге де демалуға шығады, бизнесті де өздері құрады. Содан олардың талаптары өте жоғары болып келеді. Әйел адамдар мықты болған сайын, ерлерді әлсіз қылып тастайды.

Әйел адам өз рөлінде болса, қасындағы ер адам да өзгеріп, өзіне жауапкершілік ала бастайды. Тек әр адам өзімен жұмыс жасауы керек. Сол кезде нәтижелерін көреді.

Ер адамдар бізге керек. Олар қаншама ғимараттарды құрастырады, соғысқа аттанады, инженерлік қаншама жұмыстарды атқарады, қарапайым үйдің ішіндегі электр қуатын да жөндейді, ауыр заттарды да тасиды. Сондықтан «ер адамсыз өмір сүре аламыз» деу – өте қате ұғым деп ойлаймын.




– Егер сезімдер «суып кеткендей» болса, некені сақтап қалуға бола ма?


– Әрине болады. Ең басында екеуі қандай еді – сол шақтарын есіне түсіру керек.

Отбасы болған соң, әр түрлі сынақтар да болады. Сол кезеңдерден өтіп кетсе, «шаршадық» деп жан-жаққа қашпай, бәрі жақсы болады.



– Өтуге болатын дағдарыс пен қалпына келтіру мүмкін емес қарым-қатынастың арасындағы шекара қай жерде?


– Дағдарыс – ол ұзақ уақыт бойы сені естімей, тыңдамай, сенімен ақылдаспай, сені жоққа шығарғанның белгісі. Осы сәтті адамдар ары қарай солай өткізіп алмауы керек. Үңіліп, отырып, бір-бірімен тағы да айтам, сөйлесу керек. Негізі барлық адамдарға тек жылы сөз, жылы көзқарас және де оны елеп, ескеріп, түсінгендері ғана керек қой. Ал қалғанына, жоқшылыққа да адам шыдайды, қасындағы жартысы қолдау болса. Екі жұп мүлдем сөйлеспей, айтылатын әңгіме жоқ кезде.

Оны қалай түзейміз? Бірге тұрасыздар, бір-бірлеріңізге уақыт бересіздер. Бізде көбінесе әйел адамдар өздерімен жұмыс жасайды. Әйел адам іштей жолдасына деген претензия, өкпе, реніштерін алып тастағанда, жолдасын қандай болса, сол күйінде қабылдағанда, оны ақтап шыққанда, күйеуінің әйеліне деген қатынасы да өзгереді. Ең бастысы – екі адам отбасыны сақтап қалу үшін «өзгереміз» деген шешім қабылдаса, бәрі жақсы болады. Бірге шай ішіп отырып әңгіме айту, телефонды дастарқанда қолданбау. Әрбір күнді берекелі өткізуге тырысу.



– Неліктен көптеген жұптар қарым-қатынас үстінде жұмыс істеудің орнына ажырасуды таңдауға бейім?


– Ажырасу – ең оңай жол. Олар отбасы үшін күрескілері келмейді. Соншама уақыт бір-бірін өзгерткілері келді ғой. Аяғында «адам өзгермейді» деп шешім қабылдайды да, қиындықтарға шыдамай, нәпсілеріне ерік беріп, солай ажырасып жатады.

Өзіңмен жұмыс жасасаң, айналаң да өзгеріп кетеді. Ылғи да адам туралы жаман ой ойлай берсең, ол тек жаман жағын ғана көрсетеді. Егер де ол туралы жақсы ой ойласаң, ол жақсы жағын көрсетеді.



– Берік әрі ұзақ некенің үш негізгі тірегін қалай атар едіңіз?


– Бір-бірін сыйлау, қолдау.

Тыңдай білу, есту, түсіну.

Сынақтарға бірге қарсы тұру.



– Ерлі-зайыптылардың жылдар бойы жақындықты сақтап қалуына көмектесетін қарапайым, бірақ тұрақты әрекеттер қандай?


– Алғыс, рақмет айтып отыру. Күйеуі үй тіршілігінде бір нәрсе істесе, әйелі: «Жаным, көп рақмет саған, сен болмасаң мен істей алмайтын едім», – деу.

Әйелі тамақ жасаса, жолдасы: «Рақмет, жаным, тамағың дәмді шығыпты», – деген қарапайым сөздер ғана.


TikTok @ayzattan_

+7-777-289-69-41


 
 

Издательство A-Press, Kazakhstan свидетельство о государственной регистрации №KZ61TWQ02350228, от 10.10.2020 г. 
Журнал Teens and People свидетельство о постановке на учет ППИ и ИА №16030-Ж от 09.06.2016 г. Свидетельство о постановке на переучет СМИ №KZ39VPY00129889 от 22.09.2025 г.

Зарегистрированный товарный знак Teens and People принадлежит IP A-Press, свидетельство № 84032..

Республика Казахстан, город Алматы, ул. Жамбыла, 94.
Редакция в материалах не дает оценку чему-либо, а лишь выражает свое мнение. Ответственность за содержание статей и рекламных блоков несет рекламодатель.

По вопросам: +7-727-312-35-97 director@tpeople.kz

©2016-2026 Teens and People

bottom of page