top of page

Арыстанова Аида Мухтаровна



Арыстанова Аида Мухтаровна – жалпы тәжірибелік дәрігері (врач общей практики), эксперт по питанию, халықаралық превентивті дәрігерлер ассоциясының мүшесі, 1 санатты дәрігер


Адамның барлық ауруы бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, егер сіздің асқазаныңыз ауырса, ол өздігінен немесе себепсіз ауырған жоқ. «Әр аурудың себебін әріректен әрі тереңірек іздеу керек», – дейді превентивті медицина мамандары.


Аида Мухтаровна, біздің оқырмандармен жалпы медицина саласындағы жұмыс тәжірбиеңіз туралы бөлісе кетсеңіз.

– Мен медицина саласында 15 жылдан бері жұмыс істеп келемін. «Астана медицина университетін» тәмамдағаннан кейін, білімімді интернатурада жалғастырдым. Еңбек жолымды емханада, қарапайым аурухананың стационарында терапевт болудан бастап, емханада паралелльно жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс жасадым. Егер превентивті медицина туралы айтатын болсақ, онда бұл саладағы жұмыс тәжірбием 2018 жылдан басталды. Бұған дейін халықаралық деңгейдегі білім ордасында Preventage Institute дәрігерлерге арналған превентивті медицина бойынша 2 жылдық базалық қайта даярлаудан өттім, сондай-ақ нутрициолог және диетолог мамандандыру салалары бойынша қайта даярлаудан Мәскеу қаласындағы халықаралық деңгейдегі институттан өтіп, біліктілігімді арттырдым. Қазір превентивті медицина дәрігерлерінің Халықаралық Қауымдастығының мүшесімін. Сонымен қатар, Франциядағы Антиэдж бағдарламасы бойынша білімімді жетілдірудемін. Өзімнің жеке кабинетім және менімен бірге жұмыс істейтін мамандар тобы бар. Бүгінге дейін 14-ке жуық жеке авторлық уникалды курстарды жасадым, қазақ қоғамы үшін алғаш рет қазақ тілінде превентивті медицина туралы өзімнің пайдалы біліміммен бөлісудемін. Менің 10 000-ға жуық пациенттерім осы курстардан өткеннен кейін жақсы нәтижелерге қол жеткізді.


– Сіз превентивті медицина саласының маманысыз. Бұл медицина саласы немен айналысады?

– Превентивті медицина – кез-келген аурудың алдын алуға және ағзаны тұтас жүйе ретінде қарап, түп-тамырынан бастап , табиғи жолдармен емдеуге арналған медицианың ең ауқымды саласы. Өкінішке орай, қазір барлық аурулар «жасарып кеткен», сондықтан превентивті медицина түрлі аурудың алдын алуға бағытталған, яғни «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».


– Превентивті медицинаның дәстүрлі медицинадан айырмашылығы қандай?

– Превентивті медицина ағзаның әр бөлігін тұтас бір жүйе ретінде қарастырады. Ал дәстүрлі медицинада бір адамды тексеру үшін оны дәрігер түрлі мамандарға жібереді. Мысалы, мен өз пациенттеріме эндокринологтың, гастроэнтерологтың, гепатологтың, инфекционисттің, гинекологтың және т.б. мамандардың орнына ем жүргізу шараларын өзім тағайындаймын. Себебі адам бөліктерге бөліп тексеретін жеке компоненттерден тұрмайды,адам ағзасы бір тұтас жүйе. Осы жердегі дәстүрлі медицинаның кемшілігі адамды бөлек-бөлек тексеру болып табылады. Науқасты әртүрлі дәрігерлер тексергендіктен, олар науқасқа бір уақытта қабылдауға болмайтын әртүрлі дәрі-дәрмектерді тағайындап жіберуі мүмкін. Сондықтан, өкінішке орай, дәрілермен улану ықтималдығы әлем бойынша үшінші орында тұр.



– Қазіргі уақытта көптеген адамдар асқазан-ішек жолдары мәселелерімен күресіп жатыр. Сіздің ойыңызша, бұл мәселелердің негізгі себебі неде?

– Өкінішке орай, қазір менің курстарыма және жеке кеңес алуға келген адамдарда асқазан-ішек жолдары мәселелері өте көп. Халықтың медициналық сауатын арттыру үшін біз YouTube, Телеграм және Instagram сияқты әлеуметтік желілер арқылы тегін білім береміз. Егер әр адамның диетология мен нутрициология саласында негізгі базалық білімі болса, онда ол өзі үшін қолайлы және ең бастысы пайдалы өнімдерді таңдай алады. Сол үшін де сауаттылықты арттыру маңызды болып табылады. Егер адамдар, әсіресе әйелдер, сауатты болмаса, онда бүкіл отбасына зиян тигізіп алуы мүмкін. Себебі тамақ әзірлейтін де және оны отбасы мүшелеріне ұсынатын да әйелдер болып табылады. Егер әйел ақылды және дана болса, ол бүкіл отбасының денсаулығын сақтауға, жақсартуға өз үлесін қоса алады.


– Неліктен тамақтану режимін ұстану маңызды?

– Асқазан-ішек жолдарының бұзылуының негізгі себептерінің бірі - тамақтану режимін, яғни тамақ ішу уақыты мен тамақтану аралығындағы үзілісті сақтамау және тәуліктік рационға кіретін тамақтың құрамындағы ақуыздар, майлар және көмірсулардың тепе-теңдігіне мән бермеу. Өкінішке орай, көптеген тағамдарда май аз мөлшерде болғанымен, бос көмірсулар мөлшері тым көп. Адамдар, әсіресе жұмыс істейтіндер, тез қорытылатын фаст-фуд тағамдарын жей салуға бейім болып тұрады. Мұның бәрі ағзаға кері әсерін бермей қоймайды. Сондықтан тамақтану тәртібін ұстану өте маңызды: таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақтылы болуы керек. Өкінішке орай, көптеген адамдар жиі тамақтану уақытын өткізіп жібереді, сондықтан асқазан-ішек жолдарының проблемалары туындайды.


– Өт жолдарының мәселелері билиарлы жетіспеушілікке, яғни өт жолы жүйесінің бұзылуы сынды ауруға алып келеді. Бұл ауруға қандай белгілері бойынша диагностика жүргізуге болады?

– Ішек жұмысында өт өте маңызды рөль атқарады. Өт ағзада өте күшті антисептик деп айтсақ болады. Өт қабы –алмұрт тәрізді ағза, оның негізгі қызметі ағзада паразиттер мен инфекциялардан залалсыздандыру қызметін атқарады, майда еритін дәрумендерді сіңуіне қатысады, ағзаны токсиндерден тазалауға , ұйқы безі бөлетін ферменттерді белсендендіруге қатысады. Өтте проблемасы бар адамдарда көбінесе ауыздарынан жағымсыз иіс шығып, тамақтанғаннан кейін өзін жайсыз сезіну болады, бұл іш қатуға, гормоналды дисбалансқа, кейде тіпті бедеулікке, бірлескен ауруларға, тері ауруларына және ішектегі дисбиозға әкеледі. Көптеген жағдайларда ағзадағы проблемалардың негізгі себебі асқазан-ішек жолдарының бұзылуы болып жатады. Мен бір жыл бойы ағза тазалау курсын өткіздім. Курсқа адамдар үздіксіз жазылып,10 ағымы өткен мега жоба болды. Егер ағзамызды асқазан-ішек жолынан, бауырдан және өт жолдарынан бастап тазартсақ, онда көптеген қосымша аурулар автоматты түрде кететінін өз тәжірбиемнен байқадым. Мысалы, аллергия, псориаз сияқты дерматологиялық аурулары бар пациенттерім аталған ауруларды асқазандарын, бауыр өт жолдарын тазарту арқылы жеңе алды. Біз оларға ешбір крем, жақпа май, гель немесе қосымша дәрі-дәрмек бермедік. Бұл қосымша аурулар ішек пен өт жолы жүйесін жақсартқан кезде өздігінен жоғалып кетті.



– Билиарлы жетіспеушілік сынды аурудың алдын алу жолдары бар ма?

– Өкінішке орай, өт қабындағы билиарлық жүйенің бұзылуы қазіргі уақытта егде жастағы адамдарда ғана емес, жас балаларда да өсіп жатыр. Менің тәжірибемде өт тасымен ауырған науқастардың ең жасы 1,5 жасар сәби болды. Жиналған өт уақтылы шығуы керек екенін түсінуіміз керек. Мысалы, егер сіз таңғы ас ішпесеңіз, онда түнде толып кеткен өт сіз дұрыс , пайдалы май қосылған тамақ қабылдамайынша, іркіліп жинала береді. Өт майларды өңдеу үшін бөлінеді, сондықтан мен әрдайым өз пациенттеріме тамақтану режимінде көмірсулар, ақуыздар мен пайдалы майлар арасында тепе-теңдік болуы керек екенін жиі айтамын. Пайдалы майларға жануарлар мен өсімдік майларын жатқызамыз. Егер адамның тәуліктік рационында аталған пайдалы майлар болмаса,он екі елі ішекте холецистокинин гормоны түзілмейді, бұл гормон түзілмесе өт қабы жиырылмайды,өт дұрыс бөлінбейді және бұл бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасамауына алып келеді.



Comments


bottom of page