Балым Азатбай, тауарлық бизнес
- 15 июл. 2025 г.
- 2 мин. чтения

Тауарлық бизнесті нөлден бастау: Балым Азатбайдың кеңестері.
Балым Азатбай – кәсіпкер, тауарлық бизнесті ашу бойынша маман.
Балым, тауарлық бизнесті нөлден бастамақ болған жаңадан бастаушы неден бастауы керек?
– Жалпы, тауарлық бизнесті кез-келген адам бастай алады. Егер сіз бизнесте ешқандай тәжірибесі жоқ, жаңа бастаушы болсаңыз, келесідей пункттерді орындауыңыз керек:
1. Не сатқың келетінін түсіну.
Барлығын бірден сата алмайсың. Алдымен бір ғана категорияны таңда.
2. Нарықты зерттеу.
Халыққа не керек? TikTok, Instagram, Kaspiдүкені, OLX –осыларды бірнеше мәрте шолып шық. Себебі, қазір – онлайн сауданың заманы.
3. Аздан бастау.
Миллиондап тауар алудың керегі жоқ. Алдымен аз партиямен сауда-тест жасап көр. Сатылса –көбейтесің.
4. Товарыңды қайдан алатыныңды ойластыр. Ең тиімді жолдарын қара.
5. Сату! Товарыңды қайда, кімдерге сататыныңды анықта.
– Қазіргі кезде Қазақстанда қай тауарды сату өзекті және неге?
– Көп адам бизнесті бастамай жатып, осы сұрақпен уақытын өлтіреді. Өзекті тауар жоқ. Өзекті –сату қабілеті. Егер сата білсең – кез-келген тауар өтеді.
Біреулер балалар киімінен миллион тауып отыр. Біреулер - техникадан. Біреулер -бижутериядан.
– Тауарлық бизнестi бастаушы кәсіпкерлер ең жиі қандай қателіктер жібереді?
1. Бәрін бірден сату.
Мына тауар да, ана тауар да жақсы өтеді екен деп, араластырып көп тауарды бірден ала салады. Бұл – қате. Сатылымды тестілемей жатып, бірден ассортиментті көбейтпе. Аздан баста, тест жаса. Ақшаңды «өлтірме».
2. Базардан алып, сата саламын деп ойлау.
Бұл да қате. Неге? Себебі сен базардан алып сатып, көп пайда таппайсың. Өскің келсе –тікелей Қытаймен жұмыс жаса, тиімді бағада алып, пайдаңды арттыр.
3. Бағаны тым түсіріп сату.
«Бағаны арзан қойсам, бәрі алады» деп ойлайды.
Қате: төмен баға сені табысқа әкелмейді. Сен сенімділікпен, сервиспен, ерекше ұсыныспен сату керексің.
4. Тауар емес, өзіне сенбеу.
«Алсам, өтпей қалса ше?», «Адамдар алмаса ше?»
Қате: ең үлкен кедергі –өзіңдегі қорқыныш.
Сенім –табыстың 50% кілті.
5. Тауарды қайда және кімге сататынын түсінбеу.
«Барлық адам менің клиентім» деп ойлайды.
Қате: сен нақты кімге сататыныңды анық білуің керек. Клиентіңді жақсы танысаң –сату оңай болады.
– Сіздің оқыту және сүйемелдеуіңіз қанша уақытқа созылады?
– Менің оқыту жүйем –практикалық тәжірибеге негізделген. Әр сабақта тек теория емес, нақты сатылым, логистика, кеден, жеткізу және клиентпен жұмыс үдерістерін 0-ден бастап үйретемін. Ерекшелігім –әр адамды жеке жағдайына сай бағыттап, нақты нәтиже көрсетуім. Қазақстанда баламасы жоқ, өте ыңғайлы, жеке өзімнің BM Business атты авторлық қосымшам бар. Бұл қосымша арқылы сіз тауарлық бизнесті толықтай меңгеріп шығасыз. Жалпы, менің оқыту уақытым – 2 ай. Маған сабаққа келген оқушы 1 айдың ішінде тауарлық бизнесті 0-ден бастап үйреніп, өз бизнесін ашады. Қытайдан тауар алу, онлайн дүкен ашу, клиент тауып, сол тауарын сатуды үйренеді. Екінші айда оқушымның ашқан бизнесін жүйелейміз.
– Бұл бизнесте жеке бренд пен клиент сенімінің рөлі қандай?
– Бизнесті кітаптан емес, өзім жасаған бизнес арқылы үйретемін.
Бұл бизнесте жеке бренд пен клиент сенімі – табыстың кілті. Ол барлық табыстың - 50% емес, 80% құрайды. Қазір кез-келген тауарды кез-келген адам сатып ала алады. Бірақ адамдар тек қана тауар алмайды –адамдар адамға сенім артады. Кімге сенеді –соған ақша береді. Сенім болған жерде –жарнама керек емес. Сенім қалыптастырсаң –сенің клиентің өзі саған жаңа клиенттерді әкеледі. Жеке бренд – сенің капиталың.
Бір күні сен тауарды ауыстыруың мүмкін. Бірақ клиент сенімен бірге қалады.
Клиент сенетін адам – әрқашан табыс табады. Брендіңді жаса. Саған сенетін аудитория қалыптастыр.
Авторлық қосымша: BMBusiness (Play Market немесе App Store)



