top of page

Жанна Носерова: өзіңді таны – өміріңді өзгерт

  • 11 часов назад
  • 3 мин. чтения

Жанна Носерова – жеке тұлғаның дамуы және бизнес консалтингінің кеңесшісі. Ол табыс пен ішкі үйлесімге апарар жол ең алдымен адамның өзін терең тануынан басталады деп сенеді. Цифрлық психологияны өзін-өзі танудың тиімді құралы ретінде қолдана отырып, Жанна адамдарға өздерінің күшті қырларын ашуға, ішкі кедергілерді еңсеруге және саналы шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл сұхбатта ол туған күннің адамның табиғатын танудағы рөлі, ортаның тұлғалық дамуға әсері және өмірді жақсы жаққа өзгертуді неден бастау керектігі туралы ой бөліседі.



Жанна, цифрлық психология дегеніміз не және оның өзін-өзі танудың басқа әдістерінен қандай айырмашылығы бар? Неліктен дәл осы құрал сіздің негізгі бағытыңызға айналды?


– Цифрлық психология – адамның туған күні арқылы оның табиғи қабілеттерін, ойлау ерекшеліктерін, мінез-құлқын және даму бағыттарын зерттейтін құрал. Маған бұл әдістің ұнайтыны – ол адамға өзін сырттан емес, ішінен тануға көмектеседі. Көптеген адамдар өмір бойы өз күшін іздейді, ал цифрлық психология сол қабілетті ертерек көруге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағыт менің адамдарға қызмет ету жолымның маңызды бөлігіне айналды.



– Сіз адамдарға туған күні арқылы өз қабілетін ашуға көмектесесіз. Клиенттеріңіз үшін көбіне қандай жаңалықтар ең күтпеген әрі әсерлі болады?


Көбінесе адамдар өздерінің күшті жақтарын бағаламай жүретінін байқайды. Кейбірі көшбасшылық қасиетін көрмейді, енді бірі шығармашылық немесе ұстаздық қабілетін мойындамайды. Талдаудан кейін олар: «Бұл дәл мен туралы екен», – деп таңғалады. Ең әсерлі сәт – адамның өз табиғатын қабылдап, өзіне деген сенімі артқан кез.



– Көптеген адамдар цифрлық тәжірибелерге күмәнмен қарайды. Туған күн адам туралы маңызды ештеңе айта алмайды деп есептейтіндерге не деп жауап берер едіңіз?


Күмән – қалыпты нәрсе. Мен әрқашан адамдарға кез келген ақпаратты соқыр сеніммен емес, өз өмірімен салыстырып қарауды ұсынамын. Цифрлық психология адамның тағдырын шешіп бермейді, бірақ оның мінез ерекшеліктері мен даму бағыттарын түсінуге көмектесетін айна іспетті құрал бола алады. Ең бастысы – алынған білімді өмірде дұрыс қолдану.



– Тәжірибеңізге сүйенсек, адамдардың өмірде және ойлау жүйесінде жаңа деңгейге көтерілуіне көбіне не кедергі болады?


– Ең үлкен кедергі – қорқыныш пен шектеуші сенімдер. Көп адам өз мүмкіндігінен бұрын өз күмәніне сенеді. Сонымен қатар әрекетсіздік те үлкен тосқауыл. Өзгеріс тек білімнен емес, нақты әрекеттен басталады.Бұл өзгерістер егер адам өз физикалық денесімен айналыспаса, санасында өзгеріс болмайды.


– Адамның ішкі трансформациясына ортаның ауысуы қалай әсер етеді? Өзіңізге сай ортаны қалай табуға болады?


– Адамның ортасы оның ойлауына, энергиясына және нәтижесіне тікелей әсер етеді. Өсуді қалайтын адам өзін шабыттандыратын, қолдайтын және дамуға ынталандыратын ортада болуы керек. Өз ортаңызды табу үшін ең алдымен өз құндылықтарыңызды анықтап алу маңызды. Сізді алға жетелейтін адамдардың жанында болған сайын, өз қабілетіңіз де ашыла бастайды.



– Егер талдау нәтижесінде адамның белгілі бір әлсіз тұстары немесе өміріндегі күрделі кезеңдері анықталса, ол өз өмірін өзгерте ала ма? Тағдырымыз біздің қабылдайтын шешімдерімізге қаншалықты байланысты?


– Мен ешқашан әлсіз тұстарға үкім ретінде қарамаймын. Кез келген қиындықтың ішінде даму мүмкіндігі жасырынып тұрады. Менің мақсатым – адамға қорқыныш емес, түсінік беру. Әлсіз тұсты анықтау – мәселенің соңы емес, оны саналы түрде өзгертуге арналған алғашқы қадам.Менің миссиям – адамдарға өздерін тереңірек тануға, ішкі күшін ашуға және саналы өмір сүруге көмектесу. Әр адам өз өмірінің авторы екенін түсінгенде ғана шынайы өзгеріс басталады деп сенемін.



– Егер адам өзін тану жолын енді ғана бастап, өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келсе, бүгіннен бастап қандай үш қадам жасауға кеңес берер едіңіз?


– Егер адам өзін тану жолын енді бастап жатса, мен үш қадам ұсынар едім. Біріншісі – күн сайын өзіңізге уақыт бөліп, ішкі дауысыңызды тыңдау. Екіншісі – қорқынышқа қарамай, кішкентай болса да әрекет жасау. Үшіншісі – өзіңізді басқалармен салыстырмай, кешегі өзіңізбен салыстыру. Бүгін одан да жақсы болуға ұмтылу. Үлкен өзгеріс әрқашан кішкентай қадамнан басталады.Айтады ғой: «Оқып айтып отырғаннан үйренбе, өз өмірлік тәжірибесімен бойынан өткізген адамнан сұра», – деп. Мен өмір бойы ізденіп, басымды қанша тасқа ұрдым, қателестім. Сол кездерде жол көрсетуші адамды кездестірмедім. Жасым 50-ге келіп, қазір ішкі үйлесімде, жүрек тыныштығына ие болдым. Мен көптеген авторлардың психология кітаптарын оқып, әрқайсысынан өзіме керек білімдерді алдым, әсіресе «Түп сана бәрін жасай алады». Ең өзіме өмірлік тәжірибемнен Жанат Қожамжаров, «Сюцай» ғылымының қалаушысы, менің ұстазым, өмірімде үлкен өзгерістерге келуіме себепкер болған адам. Алғысым шексіз. Бүгінгі таңда әсіресе жастарға айтар едім: өз өмірлерін қазірден бастап осындай білімдер алып, өз өмірлерін сапалы үйлесімде сүрсе деп.

Бұл өмірдің миссиясы – санасын өсіру. Ешкімнен ештеңе күтпей. Барлық адамдар біз ойлағандай болуға міндетті емес.


 
 

Издательство A-Press, Kazakhstan свидетельство о государственной регистрации №KZ61TWQ02350228, от 10.10.2020 г. 
Журнал Teens and People свидетельство о постановке на учет ППИ и ИА №16030-Ж от 09.06.2016 г. Свидетельство о постановке на переучет СМИ №KZ39VPY00129889 от 22.09.2025 г.

Зарегистрированный товарный знак Teens and People принадлежит IP A-Press, свидетельство № 84032..

Республика Казахстан, город Алматы, ул. Жамбыла, 94.
Редакция в материалах не дает оценку чему-либо, а лишь выражает свое мнение. Ответственность за содержание статей и рекламных блоков несет рекламодатель.

По вопросам: +7-727-312-35-97 director@tpeople.kz

©2016-2026 Teens and People

bottom of page