top of page

АСЕЛЬ УАТХАНОВА: ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕНШАБЫТТЫҢ ТАРИХЫ

  • Фото автора: Alexandr Grebennikov
    Alexandr Grebennikov
  • 29 сент.
  • 2 мин. чтения
ree

Қазақстанда бүгін әйелдер бизнес пен отбасын қатар алып жүріп, кәсіпкерлікпен айналысуда. Асель Уатханова – табандылық, еңбекқорлық және өз ісіне деген сүйіспеншілік арқылы табысты жобаларды құруға болатындығының жарқын үлгісі. Үйден әйелдер киімін сатудан бастаған ол, тұрақты бизнес қалыптастырып, оны бакалея саласына дейін кеңейтті және Instagram жүргізу тәжірибесімен басқа кәсіпкерлермен де бөлісті. Бұл сұхбатта Асель бизнестегі алғашқы қадамдары, шабыт көздері, отбасының рөлі және болашақтағы жоспарлары туралы әңгімелейді.


Асель Уатханова – кәсіпкер әйел.



Асель, кәсіпкерлік жолыңыз қалай басталды және неге дәл киім саудасын алғашқы бағыт ретінде таңдадыңыз?


– Кәсіпкерлікке, ең алдымен, әйелдер киімімен қадам бастым. Себебі әйел заты әдемілікті жақсы көреді, ал сапалы әрі сәнді киімге әрдайым сұраныс бар. Алғашында үйде отырып-ақ Қазақстан бойынша жеткізу қызметін ұйымдастырдым. Бұл маған үлкен тәжірибе берді.



– Тауар түрлерін кеңейтіп, бакалея саласын ашуға не түрткі болды?


– Киім бизнесімді жолға қойған соң, мен жаңа салада өзімді сынап көргім келді. Халыққа күнделікті қажет – азық-түлік саудасымен айналысуды жөн көрдім. Сондықтан тура сол Сауда үйінен азық-түлік бакалеясын ашып көрейін дедім, жалпы бұл істеп тұрған дайын кәсіп еді. Азық-түлік саудасы болашақта тұрақты табыс әкеледі деп сенемін.



– Бүгінде сіз тек бизнесті дамытып қана қоймай, басқаларға Instagram жүргізуді де үйретесіз. Өз тәжірибеңізбен бөлісу идеясына қалай келдіңіз?


– Әйелдер киімі мен бакалея дүкенімді жарнамалауда әлеуметтік желілерде өзімді дамыттым. Блогерлерсіз-ақ, дұрыс контент пен стратегия арқылы нәтижеге жетуге болады деп есептеймін. Барлығы бір Алланың қалауымен жүзеге асты. Осы тәжірибемді бөлісуге сұраныс туып, кәсіпкерлерге Instagram жүргізуді үйретіп көрдім. Бірақ, казір ол іс менікі емес екенін түсініп, тоқтаттым. Сұраныс болып жатса, өз тәжірибеммен бөлісуге дайынмын.



– Кәсіпкерлер Instagram-да жиі жіберетін қателіктер қандай және оларды болдырмауға сіз қалай көмектесесіз?


– Көпшіліктің қателігі – тек тауарды көрсетіп, парақшаға жан бітірмеу. Ал,шын мәнінде, клиентке тек өнім емес, сенім, тарих және эмоция қажет. Тұтынушының қажеттілігін жабу ол басты мақсат. Мен кәсіпкерлерге жүйелі контент, storytelling және клиентпен байланыс орнатуды үйретемін. Ең бастысы – шынайылық.



– Әйел адамға бизнес пен отбасын қатар алып жүру оңай емес. Кәсіпкер, жар және ана ретіндегі рөлдерді қалай теңестіресіз?


– Бұл, расында да, үлкен жауапкершілік. Бірақ мен үшін отбасым бірінші орында. Уақытты дұрыс жоспарлау, міндеттерді бөлу арқылы әрі үйге, әрі жұмысқа жеткілікті көңіл бөлуге тырысамын. Үш баламның анасы, жұбайымның жары болу – мен үшін басты құндылық. Шынымды айтсам, бәріне үлгеру, баланс ұстау – ол мүмкін емес нәрсе, мойындаймын.



– Сізге ең көп шабыт беретін нәрсе қандай – клиенттермен жұмыс, жаңа бағыттарды дамыту ма, әлде өзгелерді оқыту ма?


– Әрқайсысы бөлек шабыт сыйлайды. Клиенттердің разылығы – күш, шабыт береді, жаңа кәсіптерді дамыту – дамуға итермелейді, ал өзгелерді оқыту – жүрегіме жақын іс. Өз тәжірибеммен бөлісу арқылы өзгелерге жол көрсеткенім – ең үлкен қуаныш және сауапты іс деп есептеймін.



– Өз ісіңізді бірнеше жылдан кейін қалай елестетесіз: бұл көбірек дүкендер желісі бола ма, үлкен білім беру жобасы ма, әлде барлығының үйлесімі ме?


– Менің арманым – халқыма кішкентайда болсын пайдамды тигізу. Мақсатым –әйелдер киімі мен бакалея саласында дүкендер желісін дамыту. Сонымен қатар жеке брендімді қалыптастыруды көздеймін. Барлығының үйлесімі – менің болашақ жоспарым. Әйел адам болған соң, ең басты арманым – үлгілі отбасын құру, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу.



 
 

Издательство A-Press, Kazakhstan свидетельство о государственной регистрации №KZ61TWQ02350228, от 10.10.2020 г. 
Журнал Teens and People свидетельство о постановке на учет ППИ и ИА №16030-Ж от 09.06.2016 г. Свидетельство о постановке на переучет СМИ №KZ39VPY00129889 от 22.09.2025 г.

Зарегистрированный товарный знак Teens and People принадлежит IP A-Press, свидетельство № 84032..

Республика Казахстан, город Алматы, ул. Жамбыла, 94.
Редакция в материалах не дает оценку чему-либо, а лишь выражает свое мнение. Ответственность за содержание статей и рекламных блоков несет рекламодатель.

По вопросам: +7-727-312-35-97 director@tpeople.kz

©2016-2025 Teens and People

bottom of page