Ұлпан Түзелбек: инфобизнестегі жүйелі тәсіл және нәтиже жолы
- 29 мая
- 2 мин. чтения

Инфобизнес пен онлайн-білім нарығы жыл сайын өзгеріп, жаңа форматтар мен жаңа рөлдерді қалыптастырып келеді. Осындай динамикалық ортада нәтижеге жұмыс істейтін мамандардың орны айрықша. Солардың бірі – инфопродюсер Ұлпан Түзелбек. Оның тәжірибесі тек жеке жобалармен шектелмей, жүздеген студенттің даму жолына әсер еткен жүйелі жұмыспен ұштасады. Бүгінде ол білім беру өнімдерін құрудан бастап, оларды нарыққа шығару мен масштабтауға дейінгі толық циклді қалыптастырып жүрген маман ретінде танымал.
Ұлпан, сіз инфопродюсерлікке қалай келдіңіз – бұл саналы таңдау болды ма, әлде бастапқыда сарапшылармен жұмыс істеп, біртіндеп осы рөлге өстіңіз бе?
– 2018 жылы Мәскеу қаласына барып, копирайтер мамандығын оқи бастадым. Практика жасап, түрлі компаниялармен жұмыс істеп, кейінірек осы сала бойынша өз курстарымды, марафондарымды жасап, сата бастадым.
Маркетингтегі білімім мен қабілетімді көріп, бизнес мектептен онлайн курстар сату бойынша ұсыныс келді. Сол жерде алғашқы продюсерлік қызметімді бастадым. Алғашқы запусктен 13 млн. теңге жасап, өз бонусымды алған соң бұл салаға деген қызығушылығым артты.
Сол кезден бастап продюсерлік және онлайн курстар жасап сату бойынша ресейлік мамандардан білім алып, Мәскеу мен Қазан қалаларында практикадан өтіп, сертификатталдым.
Өзіме әртүрлі запусктер жасап, үйренген білімімді тәжірибемде қолданып, көптеген адамдарға көмектестім. Сол кездің өзінде, 2021 жылы 9 адамды жұмыспен қамтыдым.

– Бүгінде инфопродюсерлер саны артып келеді. Сіздің ойыңызша, мықты продюсердің нарықтағы «ақпараттық шудан» негізгі айырмашылығы неде?
– Мықты продюсер – бұл практик. Және тек бір ғана саладан емес, әртүрлі саладан тәжірибесі бар, нақты базалық білімі болуы шарт. Сонымен қатар әрбір запуск жоғары маржалы болып, тұрақты табыс әкелуі керек.
– Сіздің тәжірибеңізге сүйенсек, табысты өнімді іске қосу үшін қайсысы маңыздырақ: сарапшының жеке бренді ме, әлде продюсердің мықты стратегиясы ма?
– Менің тәжірибемде жеке бренді жоқ эксперттер де болды. Бастысы – сарапшылық білімнің болуы шарт. Табысты өнім үшін продюсердің стратегиясы мен эксперттің білімі, кейсі маңызды. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
– «Фокус» жобасы туралы айтып берсеңіз – оны құру идеясы қалай пайда болды және ол қатысушылар үшін қандай негізгі мәселені шешеді?
– Тек «Фокус» емес, жалпы барлық продукттар деп қарасақ болады. Мен жасаған әр продукт инфобизнесте кешенді білімнен тұрады. Ол жерде өнім жасаудан бастап масштабтап сатуға дейінгі процесс қамтылады.

– «Фокус» жобасының басқа білім беру немесе продюсерлік бағдарламалардан ерекшелігі неде және оны аяқтаған қатысушылар қандай нәтижелерге қол жеткізеді?
– Нәтижені жұмсақ және қатты (soft/hard) деп бөлсек, бұл екі бағыт бойынша да нәтиже береді. Миллиондық запусктер, соның ішінде 10–20–30–50 млн. теңгелік нәтижелер бар. Соңғы екі айлық біліммен үй, көлік алып жатқан студенттерім де көп. Негізгі феномені – келген эксперттің мықты жағын анықтап, екі айға стратегия құрып, нақты табыс жоспарын жасау.
– Жоба қатысушыларымен жұмысты қалай жүргізесіз: сіз үшін маңыздысы стратегия мен маркетинг пе, әлде қатысушының тұлғалық трансформациясына көбірек көңіл бөлесіз бе?
– Нәтиже осы үшеуіне де тікелей байланысты. Бір-бірінсіз жақсы нәтиже шығуы қиын. Себебі стратегия болмаса, сатқаннан кейін процесс тоқтап қалады, ал үлкен сомалар адамның психологиялық, тұлғалық дамуына да байланысты. Сондықтан келген адамдармен үш бағытта да жұмыс істейміз. Әртүрлі ретриттер ұйымдастырамыз, челлендждер өткіземіз.
Қосымша мен қазіргі уақытта YouTube подкаст каналын жүргіземін. Демеуші – өзім. 6 айға жуық уақыт ішінде 21 подкаст түсірдік. Бұл – менің осы саладан тапқан табысымның бір бөлігінен шын жүректен жасалған игі іс деп білемін. Себебі бұл жерде мықты психологтар, кәсіпкерлер және әртүрлі мамандар қатысады. Олармен пайдалы сұхбат жасау – үлкен еңбекті және дайындықты талап етеді.
YouTube: Ұлпан Түзелбек Bai bol



