Әлинұр Жеңіс – Kazakh Aru косметикалық брендінің негізін қалаушы
Әлинұр, косметика өнімдерін шығаруды бастау идеясы сізге қашан келді және сіздің шешіміңізге не әсер етті?
– 2017 жылы Астана Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі отанымыз Қазақстанда алғаш рет өтті. 112 мемлекет және 18 халықаралық ұйым қатысқан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне компания төрағасы ретінде қатыстым, ал компаниямыз EREN Корпорациясының демеуші және серіктес кәсіпорын ретінде елге өз үлесін қосуы - біз үшін үлкен мәртебе. Көрмеде мен сұлулық/тері күтім индустриясында бірнеше бренд дизайнерлер мен әзірлеушілерін кездестірдім. Олар Қазақстанды өте жақсы көретінін айтты. Еліміздің тарихы, мәдинеті мен әдемі табиғаты туралы сұхбатымыз кейін мұндағы әйелдердің сұлулықты жақсы көретіні, бет күтіміне қатты мән беретіні туралы тақырыпта жалғасты. Әртүрлі елдердің әйелдері ұнататын тері күтімі өнімдері туралы талқылай келе, жалпы әйелдердің негізінен өз елінің өнімдерін қолданатынын анықтадық. Ал бізде Қазақстанда отандық өнім жоқ, сондықтан тек басқа елдердің бренд өнімдерін пайдалануға тура келеді. Кейін мен еліміздегі әйелдердің тері күтім өнімдері саласында импортқа тәуелді жағдайы туралы ұзақ уақыт ойландым, әр елде өзінің сұлулыққа арналған тері күтім өнімдерінің брендтері бар, сондықтан Орта Азияның ең ірі мемлекеті ретінде Қазақстанның мәдениетін көрсететін ұлттық сұлулық тері күтім брендін шығару керек деген ойға келдім. 2018 жылдан бастап командаммен әр түрлі мемлекеттегі сұлулық көрмелеріне қатысып, бренд жасау кеңселеріне бардық. Әр елдің тері күтім өнімдерінің ерекшелігін зерттеп, қоршаған орта, терінің түрі мен ерекшелігін ескере отырып, қазақ әйелдеріне қолайлы тері күтім өнімін табуға тырыстық. 2018 жылдың мамыр айында Гонконг бренд дизайнерлеріне қазақ мәдениетімен ұштастырылған тері күтімі брендін дамытқымыз келетінін білдірдік. Дизайнерлердің ұсыныстары мен нұсқаулары негізінде 2019 жылы Корея NOX Bellcow ғылыми-зерттеу институтына бардық, негізгі техникалық қолдау алу мақсатында кореялық доктор Ким Сун Ён мен профессор Пак Цинмен серіктес болдық және жапонияның бірқатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік сарапшылар топтарымен стратегиялық ынтымақтастық орнаттық. Сонымен қатар сұлулық өндірісі бойынша әлемнің үздік төрттікке кіретін ғылыми-зерттеу компаниясы NBC және Juzi Bio Гонконг листингілік компаниясымен ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Нәтижесінде тері күтім өнімдеріне арналған инновациялық формула әзірлеуге арналған топ құрылды. Оңтүстік Корея мен Жапонияның зерттеу тобы бірден Қазақстанға келіп, жергілікті әйелдердің бет терісінің түрлерін топтастырды және тері күтім әдеттерін ескере отырып, табиғи/ғылыми/өсімдік сығындыларына негізделген және өзіміздің табиғатымызға бейімделген бренд – KAZAKH ARU-ды жасадық. Университет/ғылыми-зерттеу мекемесімен бірлесіп, жаңа ғылыми технологияларды қолдана отыырп, қазақстандық әйелдерге арналған табиға бренд жасау – басты мақсатымыз.
– Kazakh Aru косметикалық өнімдерінің негізгі артықшылықтары неде?
– Біріншіден, Kazakh ARU бренді біздің сұлу қазақ қыздарына арнайы шығарылды, сондықтан Kazakh ARU тері күтім өнімдері мен косметика топтамасы Орталық Азия халқының тері күту ерекшеліктерін ескере отырып, табиғатымызға бейімделген ерекше өнім айтуға болады. Бұл -озық технология мен тазартылған формулаларды пайдалана отырып, әлемдегі жетекші техникалық команда жасап шығарған өнім. Мысал ретінде маска өнімін алайық, қарапайым масканың құрамында жібек, биоталшық, мақта және т.б. болса, ал біздің өнім камелия майымен тазартылған, масканың негізі - бет терісін нәрлендіретін және қоректендіретін мембраналық материал. Камелия майының ылғалдандыру дәрежесі мен антиоксиданттық қабілеті жылқы майы мен зәйтүн майынан екі есе жоғары, ал мата маска теріге бір уақытта қоректік заттар беріп, әсерін екі есе арттырады. Сонымен қатар, камелия маскасының суды сіңіру және жиырылуы қарапайым пленка матасына қарағанда төрт есе көп, бұл эссенцияның теріге сіңіру әсерін тиімді қамтамасыз етеді. Камелия мембраналық мата тыныс алу үшін торлы талшықпен жасалған, өте жеңіл және тері тыныс алу үшін арнайы торлы конструкциясы бар, масканы қолдану кезінде тері дем алады, гипоксияны және тітіркенуді азайтады, сонымен қатар, масканың тым ауыр болуынан туындайтын терінің салбырап қалуынан қорғайды. Масканың құрамында сирек кездесетін өсімдік сығындылары бар, 360° ағартатын және Полинезиядан алынған тамаша минералды ылғалдандырғыш фактор тұрғысынан біз өнімдеріміздің тамаша нәтиже көрсетуін қамтамасыз етеміз, құрамындағы шикізатты әзірлеуде, өнімді дайындауда көп күш салдық. Жалпы біздің барлық өнімдеріміз ерекше, алдағы бес жылда өнімнің әлемдегі жетекші бренд болатынына сенемін. Бір сөзбен айтқанда, брендтің бастамашысы және негізін қалаушы ретінде, өз елімізге, қазақ еліне тиесілі ғасырлық тамаша бренд жасағымыз келеді. Болашақта біз Азияда ғана емес, әлемге танымал боламыз.
– Бүгінгі таңда Kazakh Aru топтамасына қандай косметикалық өнімдер кіретінін айтып беріңізші. Kazakh Aru-мен танысу үшін қай өнімнен бастауды ұсынасыз?
– Қазіргі таңда Kazakh ARU-дың көптеген топтамалары бар. Біріншіден, біз кез келген тері түріне, әсіресе сезімтал теріге қолайлы камелия өнімдерінің топтамасын жасап шығардық. Бүкіл топтама негізінен тітіркенуге қарсы, тыныштандыратын, жоғары ылғалдандыратын қасиетке ие, сонымен қатар әйелдердің тері қартаюына қарсы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Камелия топтамасының өнімдеріне бетке арналған маска, бет тазартқыш, тонер, эссенс суы және ылғалдандыратын крем жатады. Болашақта көз айналасына және бетке арналған сарысу (сыворотка) шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде аса танымалдылыққа ие екі «жұлдызды» өніміміз бет маскасы және бет тазартқыш бар. Бет маскасы туралы айттық, енді қысқаша бет тазартқыш туралы айтып өтейін. Қарапайым тазартқыш қолданған кезде, құрал бет терісін тазартуды ғана қамтамасыз етіп, терінің сыртқы тосқауыл болатын қабаты зақымдалуы мүмкін, сондықтан біз жуудан кейін құрғақтық сезінеміз, тіпті қызару және пилинг сияқты бірқатар проблемалар пайда болады. Ғалымдардың түрлі зерттеулері мен әзірлемелерінің арқасында біз аталған өнімде тазарту күшін ғана емес, сонымен қатар теріні қорғайтын және нәрлендіретін әсерге қол жеткіздік. Бұл тазартқыш құрамына камелия сығындысы, амин қышқылдары мен Манука балы және басқа да ылғалдандыратын, тыныштандыратын эссенциялар қосылды, нәтижесінде өнім теріні жұмсақ тазартады, сергітеді, сонымен бірге тиімді ылғалдандырады. Бет терісін тазартқаннан кейін құрғақтықты сезінбейсіз.
– Сіздің өндіріп отырған косметикаларыңыз қай жастағы әйелдерге бағытталған?
– Өнім табиғи және қауіпсіз, сондықтан барлық жастағы әйелдерге арналған, жүктілік кезінде де қолдануға жарамды. Құрамында эстроген жоқ, тіпті ерлер де пайдалана алады.
– Өнімді жасау кезінде сізді не шабыттандырады?
– Әр адамның жүрегінде бір ерекше сұлу ару болады, Анам - менің жүрегімдегі мәңгілік сұлу ару. Ол - өте әдемі және сүйкімді, позитивті және еңбекқор әрі тәуелсіз әйел. Өкінішке орай, анам пандемия кезінде бұл дүниенден өтті. Бұл брендті анама арнаймын, оған деген махаббатым мен сағынышым мені шабыттандырады. Жалпы әрбір қазақ әйелі сұлу, тек өздерін жақсы көріп, күтім жасауы тиіс, яғни «сұлу емес әйел жоқ, тек күтім жасамайтындары бар»
– Өнім топтамасын кеңейту ойыңызда бар ма?
– Қазіргі уақытта біз тері күтімі өнімдерінің түрлерін көбейту жұмысына толығымен кірісіп кеттік. Алдағы уақытта теріні қалпына келтіруге және ылғалдандыруға бағытталған камелия топтамалары болады, сондай-ақ әртүрлі тері мәселесіне арналған раушан және су лалагүлі топтамаларын шығаратын боламыз. Тері күтіміне арналған өнімдерден басқа бет әрлеу (макияж) саласында да өнімдер дайындауды жоспарлап отырмыз, қазір зерттеу және әзірлеу барысында жұмыс жасап жатырмыз. Біздің өнімнің басқа брендтерінен айырмашылығы - Kazakh ARU бренді салауатты әрі табиғи тері күтімін қолдай отырып, өз бет әрлеу өнімдерімізді шығару.
Comments